Новоалексеевка мектебінің 5–6 сыныптарында өте пайдалы сынып сағаты өтті. Тақырып – компьютерлік ойындарға саналы, қауіпсіз және тиімді көзқарас қалыптастыру.
Оқушылар күн сайын гаджеттермен қанша уақыт өткізетіндерін, күнделікті уақыттарын қалай жоспарлайтындарын айтып, компьютерлік ойындардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Бірге отырып «Жақсы ойыншының ережелерін» құрастырды
Сонымен қатар балалар ойындардың келесі түрлерін анықтады:
дамытушы ойындар
денсаулыққа пайдалы, белсенді ойындар
зиянды ойындар – шамадан тыс әуестенген жағдайда
Сынып жетекшісі А.М.Сорокина уақытты бөлудің қарапайым әрі тиімді тәсілін көрсетті: оқу, демалыс, қарым-қатынаc және, әрине, ойын – бәрі де орынды мөлшерде.
Ойындар зейінді, реакцияны, есте сақтауды және стратегиялық ойлауды дамыта алатыны айтылды. Ең бастысы – тайм-менеджментті сақтау, үзіліс жасау және шаршауға жол бермеу.
Балалар цифрлық ойындарға дені сау және саналы көзқарастың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінді деп сенеміз!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg