Қазіргі заманда өзін-өзі реттеу, өзіне сенімді болу және күйзелісті жағдайларда сындарлы әрекет ете білу дағдылары балалар мен жасөспірімдер үшін аса маңызды. Бұл қабілеттерді неғұрлым ерте меңгерсе, болашақта соғұрлым өздерін сенімді сезінеді
Қостанай қаласындағы №18 мектепте тұлғалық өсуге, эмпатияны дамытуға, командада жұмыс істеуге және тұлғааралық қақтығыстарды шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тренингтер өткізілуде.
Оқушылар психологпен бірге:
мектепте және күнделікті өмірде сенім мен қарым-қатынастың маңызын талқылайды;
мектепте жиі кездесетін қақтығыс жағдайларын талдайды;
жағдайға барлық қатысушылардың көзімен қарауды үйренеді;
айыптау мен агрессиясыз, сындарлы шешімдер табады.
Қызығы, көптеген жасөспірімдер қақтығыстар теориясын жақсы білсе де, оны тәжірибеде қолдануда, әсіресе белсенді тыңдау мен келіспеушілікті бейбіт түрде білдіруде қиындықтарға тап болады. Дәл осы дағдыларды олар қауіпсіз әрі қолдаушы ортада шыңдайды.
Мұндай тренингтер әдетте белсенді, жоғары қызығушылықпен өтеді және жасөспірімдердің өзіне сенімді, күйзеліске төзімді, өзгенің сезіміне жанашыр бола түсуіне ықпал етеді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg