Бүгін өткен, «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ ұйымдастырған республикалық кеңес Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатовна Закиева берген тапсырманы орындауға арналды. Кеңесте қиын өмірлік жағдайға (ҚӨЖ) тап болған кәмелетке толмаған білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Негізгі мәселе – өңірлердің ҚӨЖ-дегі балалардың дерекқорын қалыптастыру бойынша атқарған жұмыстарының нәтижелерін талқылау. Ерекше назар әлеуметтік педагогтарды, сынып жетекшілерін, педагог-психологтарды және ТжКБ ұйымдарының кураторларын кестелерді толтыру мен мәліметтерді нақтылау процесіне тартатын пәнаралық тәсілге аударылды.
Атап айтқанда, бұл тізімге қандай балаларды енгізу қажет екені, оларға көмек көрсету үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс және осы жұмысқа кім жауапты екені жөнінде нақты талқылау өтті.
Өйткені балалық шақты қорғаудың тиімді жүйесін құру үшін барлық қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың нақты алгоритмін қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және нәтижелерді мониторингтеу жүйесін жолға қою аса маңызды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg