Науырзым ауданының Докучаевка мектебінде «Досболlike» буллингтің алдын алу бағдарламасы аясында 7-сынып оқушыларына арналған «Жеке шекара деген не және ол не үшін қажет?» тақырыбында тренингтік сабақ өтті.
Іс-шараны сынып жетекшісі Оразова Л.К. педагог-психолог Хамзина А.А.-мен бірлесіп ұйымдастырды. Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдерде қауіпсіз әрі өзара құрметке негізделген қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылар жұппен және шағын топтарда жағдаяттық тапсырмаларды талқылап, күнделікті өмірден алынған мысалдарды талдады, жеке шекаралардың бұзылуын тануды және оларды дұрыс, экологиялық жолмен қорғау тәсілдерін үйренді.
Сабақ барысында өзгелердің жеке шекараларын құрметтеу, сыныптастарының сезімдерін түсіну және айырмашылықтарды қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мұндай жұмыс форматы оқушыларға:
конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға;
эмпатия мен өз іс-әрекетіне жауапкершілік деңгейін арттыруға;
сынып ұжымында қауіпсіз, сенімді және қолдаушы атмосфераның маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.
Мұндай сабақтардың өткізілуі буллингтің алдын алуда және мектептегі қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады!








