Жітіқара ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы аясында «Тәжірибені түсіну» атты психологиялық тренинг өтті.
Педагог-психолог ата-аналар өздерінің педагогикалық және тәрбиелік тәжірибесін саралап, қалыпты жағдайларға басқа қырынан қарап, балаларымен өзара қарым-қатынасындағы мықты тұстарын ұғынулары үшін арнайы тапсырмалар дайындады.
Тренинг барысында ата-аналар өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісіп, балалармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын талқылады, күрделі тәрбиелік жағдайлардан шығу тәсілдерін іздеп, бір-бірімен пайдалы кеңестер алмасты.
Жылы қарым-қатынас, практикалық құралдар, мамандардың ұсыныстары – мұның бәрі ата-аналарға балаларының қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге және олармен сенімді, құрметке негізделген байланыс орнатуға көмектеседі
«Тәжірибені түсіну» тренингі әр тәжірибенің – балалар мен ересектер үшін өсу мен дамуға мүмкіндік беретін құнды ресурс екенін еске салды.








