Арқалық қаласының білім беру ұйымдарында психологиялық сабақтар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Міне, соның екеуі.
А. Майқұтов атындағы мектепте 5-9 сынып оқушыларына арналған «Өсу энергиясы» тренингі өтті. Оның мақсаты – эмоцияларды тиімді басқару, күйзеліс жағдайында мінез-құлықты реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Жасөспірімдер өз-өзіне сенімділікті арттыруға, командамен жұмыс істей білуге және бір-бірін қолдауға бағытталған интерактивті жаттығуларға қатысты.
Олар өз сезімдерін тануды, дұрыс жеткізуді және қиындықтарға сауатты жауап беруді үйренді.
Сондай-ақ тыныс алу техникалары, зейінді шоғырландыру жаттығулары және назарды ауыстыру әдістерін тәжірибеден өткізіп, оқу мен күнделікті өмірде сабырлы болуға, көңіл-күйді бақылауға көмектесетін тәсілдерді меңгерді.
Ал А. Бөкейханов атындағы мектепте алтыншы сынып оқушылары үшін «Мен көремін, мен сеземін, мен шешім қабылдаймын» атты психологиялық ойын ұйымдастырылды.
Балалар эмоционалдық жағдайларды талдап, өз сезімдерін білдіріп, өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырды.
«Жүректегі жылулық» атты жаттығуда оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жағымды эмоциялар сыйлады. Өте керемет!
Осындай шаралар балалардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға, өзіне және айналасындағыларға деген позитивті көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлайсыздар ма? Жақсы үлгі!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg