Алтынсарин ауданының Димитров мектебінде 5–11 сынып оқушыларына құқықтық сауаттылық пен жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді.
Мамандар мен оқушылар бірге мынадай маңызды түсініктерді талқылады: құқық бұзушылық пен қылмыс, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, сондай-ақ жауапкершілік жүктелетін жас мөлшері (14 және 16 жас).
Ерекше назар бала мектепте немесе одан тыс жерде құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда әрекет ету алгоритміне аударылды:
физикалық араласпау;
міндетті түрде ересектерге, мұғалімге немесе полицияға хабарлау;
ақпаратты жасырмау.
Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы ақпаратты жасыру, жалған куәлік беру секілді әрекеттердің қандай жауапкершілікке алып келетіні қарапайым тілмен түсіндірілді. Бұл салдардың алдын ала түсінілуі өте маңызды!
Оқушыларды ерекше қызықтырған тақырыптар:
ПБЗ (психо-белсенді заттар) қолдану, бұзақылық, жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
ұрлық пен алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік;
интернеттегі мінез-құлық нормалары – жеке деректерді тарату, чаттардағы жала жабу, буллинг және олардың құқықтық салдары.
Балаларға дағдарыс жағдайында не істеу керектігі: кімге қоңырау шалу, нені (фото, скриншот) тіркеуге болатыны, не айту керек және не істеуге болмайтыны туралы нақты нұсқаулық берілді.
Шынайы өмірден алынған мысалдар, болашаққа әсері (соттылық, полиция есебіне қойылу) туралы әңгіме оқушылар үшін маңызды ой салды және сақтандырушы фактор болды.
Мұндай кездесулердің профилактикалық құндылығы жоғары: балалар абстрактілі теория емес, нақты өмірден және қолданыстағы заңнамадан алынған білім алады. Сондықтан оларды барлық білім беру ұйымдарында мүмкіндігінше жиі өткізу қажет!








