Тіршілікке төзімділік деген не? Бұл – адамның қиындықтармен күресіп, күрделі жағдайларда да ішкі тірегін сақтай білу қабілеті
Дәл осы қасиетті Май орта мектебінің оқушылары психологпен бірге үйренді. Сабақ барысында балалар адамға күйзелісті еңсеруге не көмектесетінін, берілмей, өзін қолдай білу және ішкі ресурстарды таба алу жолдарын талқылады.
Оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шағын топтарда жұмыс жасады, жеке күшті жақтарын анықтауға арналған тапсырмаларды орындады және қиын сәттерде қалпына келу тәсілдерін анықтауды үйренді.
Сабақта отбасылық қолдаудың, достар мен мектеп қауымдастығының көмегінің маңыздылығы, сондай-ақ өзін-өзі реттеу және позитивті ойлау дағдыларына ерекше назар аударылды.
Сабақ белсенді әрі қызығушылықпен өтті. Қатысушылар тіршілікке төзімділік – туа бітетін қасиет емес, күн сайын дамытып, қалыптастыруға болатын және ҚАЖЕТ дағды екенін түсінді.
Және ең бастысы – оны дамыту әркімнің қолынан келеді!








