Жаңа жылдық демалысқа дейін Ангар мектебінде педагог-психолог бірінші сынып оқушыларына арналған «Көңілді күн» атты қызықты психологиялық тренинг өткізді.
Атауы айтып тұрғандай, бұл сабақтың мақсаты – балалардың көңіл күйін көтеру, бір-біріне жылы сөз айтудың, достаса білудің қаншалықты маңызды екенін еске салу.
Тапсырмалар аса күрделі болған жоқ: оқушылар сыныптастарына жақсы сөздер айтып қана қоймай, түрлі эмоцияларды мимика мен қимыл-қозғалыс арқылы бейнеледі. Ал қарсы тұрған балалар ол қандай эмоция екенін және нені білдіретінін табуға тырысты.
Мұндай жаттығулар балаларға өте ұнайды! Сонымен қатар, олар сурет салуды да ерекше жақсы көреді. Бұл тренингте бірінші сынып оқушылары өздерінің «көңілді күнін» бейнеледі: күлімдеген күн, гүлдер, достар. Кейін бір-біріне арналған жылы тілектерін жазды.
Осындай жағымды, шуақты сабақ өтті. Оның осы сыныптағы психологиялық ахуалға оң әсер ететініне сенімдімін!








