Білім беру саласында жұмыс істей жүріп, мен баланы тәрбиелеу мен дамыту – отбасы мен мектептің бірлесе атқаратын ортақ жолы екеніне әлдеқашан көз жеткіздім.
Дәл сенім, өзара түсіністік және серіктестік орнаған ортада баланың табысты білім алуы, эмоционалдық әл-ауқаты мен тұлғалық қалыптасуына қажетті жағдай жасалады!
Бұл тақырыптың көптеген оқу орындарында ата-аналар жиналыстарында талқылануы да бекер емес. Мәселен, Жітіқара ауданы №12 жалпы білім беретін мектептегі кездесуде ата-аналар мен педагогтер балаларды тәрбиелеу мен олармен қарым-қатынас жасаудың өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, жеке тәжірибелерімен бөлісіп, кездесетін қиындықтарды ортаға салып, оларды бірлесе шешу жолдарын іздестірді.
Балалардың оқу және эмоционалдық жағдайын қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Мамандар өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, отбасындағы тиімді қарым-қатынас орнату және үйдегі оқу процесін дұрыс ұйымдастыру бойынша пайдалы ұсыныстар берді.
Өз кезегінде ата-аналар мұндай кездесулер балалардың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және олар үшін сенімді тірек болуды үйренуге көмектесетінін атап өтті.Мектеп пен отбасы бірлесе әрекет еткенде, бала өзін сенімді, қолдаулы әрі тұрақты ортада сезінеді. Ал бұл оқуға деген оң мотивацияның қалыптасуына, жауапкершілік пен өзіне деген сенімділіктің дамуына ықпал етеді!








