Бүгін жаңа жылдағы алғашқы маңызды жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен Психологиялық қолдау және тәрбиелік жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтың желілік координаторлары қатысты
Кездесудің басты мақсаты – желілік координаторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жұмыс кеңесі барысында келесі мәселелер талқыланды:
Өңірлік орталықпен тиімді ынтымақтастық – жергілікті мамандарға жедел әрі сапалы қолдау көрсету үшін өзара іс-қимылды нығайту стратегиялары әзірленді.
«Өңірлік орталықтың желілік координаторлары» жобасы – мектептер мен жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету және қолдау бойынша бірыңғай жүйе қалыптастырудағы тәжірибелі педагог-психологтар қауымдастығының рөлі айқындалды.
Күйзеліс жағдайларында жедел еңсеру – білім беру процесіне қатысушылардың барлығымен жұмыс істеудің тиімді әдістері қарастырылып, қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру жолдары талданды.
Кеңестің негізгі мәселелері:
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша тоқсан сайынғы сауалнама – нәтижелерге талдау жасалып, оның тиімділігін арттыру жолдары белгіленді.
АССПМ жүйесінде жұмыс істеу – психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін тиімді қолданудың практикалық қырлары талқыланды.
Ерекше бақылаудағы балаларды сүйемелдеу – осы санаттағы білім алушылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері жан-жақты қарастырылып, құнды практикалық тәжірибе алмасу жүргізілді.
Өңірлік орталық облыстағы психологиялық қызметтің жұмысын одан әрі үйлесімді, тиімді және білім беру ұйымдары мен балалардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған ету үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.







