Бүгін білім басқармасының Айман Елеманқызы Ибраеваның төрағалығымен өткен аппараттық кеңесінде біз білім бөлімдерінің басшыларымен және ТжКБ ұйымдарының директорларымен бірге ең маңызды мәселелердің бірі – каникул кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына ерекше назар аудардық.
Оқушылар арасындағы тәуекелдерді диагностикалау және профилактикалық жұмысқа арналған баяндамамда мен біздің балалар алдындағы жауапкершілігіміз оқу уақытымен шектелмейтінін атап өттім.
Психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері мен білім беру ұйымдарының әкімшілігі каникул кезінде де әрбір бала үшін жауапты болып қала береді. Дәл осы кезеңде біздің жұмысымыз ерекше мұқият, сезімтал әрі нақты бағытталған болуы тиіс.
Сонымен қатар, АССПМ платформасына қатысты мәселелерді жан-жақты талқыладық. Атап айтқанда, оқушылардың мазасыздық деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құралдарды пайдалану, сондай-ақ ерекше бақылаудағы балалармен жүйелі жұмыс жүргізу жолдары қарастырылды.
Әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты бұл оқушылар әлеуметтік тәуекел санатына жатады және біздің қолдауымыз бен қамқорлығымызға ерекше мұқтаж
Біз бірлесе отырып каникулды жай ғана бос уақыт емес, әрбір бала үшін қауіпсіз, пайдалы әрі қолдауға толы кезеңге айналдыра аламыз және соған міндеттіміз.







