Барлық ата-ана мектептегі жиналыстарға баруды ұната бермейді. Бұл – факт. Әрі, өкінішті факт. Ал шын мәнінде, педагогтер ата-аналарға өте пайдалы ақпарат жеткізуге тырысады.
Мәселен, Жангелдин ауданындағы А.Байтұрсынов атындағы мектепте 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды.
Бұл – бүгінгі күні өте өзекті әрі алаңдатарлық мәселелер. «Бұрын да балалар ұрысып, тіпті төбелесіп қалатын, ештеңе етпейтін, керісінше батыл болып өсті» деген пікірлерді жиі естиміз. Алайда жай ұрыс пен буллинг – мүлде екі бөлек нәрсе!
Осындай кездесулерде педагогтер дәл осы жайттарға назар аударады. Ересектердің хабардарлығын арттыру және мүмкіндігінше «жағымсыз салдардың алдын алу үшін» алаңдататын белгілерді ерте анықтау мақсат етіледі. Бұл – отбасыларға көрсетілетін психологиялық қолдау туралы.
Бүгінде мектептегі ата-аналар жиналыстарында тек түсіндіру жұмыстары ғана емес, психологиялық тренингтер де өткізіледі. А.Байтұрсынов атындағы мектепте ата-аналарға «Ата-ана болу – бұл…», «Қолдау қолы», «Егер де…» сияқты жаттығулар ұсынылды. Бұл олардың қалыптасқан тәрбие беру стилін оң бағытта өзгертуге көмектеседі деп үміттенемін!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg