№15 мектепте төртінші сынып оқушылары өзін және айналасындағыларды дұрыс қабылдауды, өзге адамдардың көзқарасын түсінуді үйренді. «Мен – өзгелердің көзімен» тренингі эмпатияны, өзара құрметті және конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталды. Керемет емес пе!
Келісесіздер ме, бұл қабілеттер мен дағдылар баланың үйлесімді тұлға болып қалыптасуы және сыныпта қолайлы психологиялық ахуал орнауы үшін өте маңызды!
Бастауыш мектеп жасында өзін-өзі бағалау мен қоршаған әлемге деген қарым-қатынастың негізі қаланады. Сондықтан баланы өз құндылығы мен бірегейлігін сезінуде дер кезінде қолдау көрсету аса маңызды.
Мұндай тренингтер қалай өтеді? Балалар бір-біріне жылы сөздер мен ізгі тілектер айтып, өздерінің және сыныптастарының күшті жақтарын байқай үйренеді. Ал бірлескен әрекет арқылы ұялшақтықты жеңуге, бірін-бірі тыңдауға және ести білуге, айырмашылықтарды қабылдауға және жеке шекараларды құрметтеуге дағдыланады
Сондықтан мұндай тренингтер жанжалдардың алдын алуда, мазасыздық деңгейін төмендетуде және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.








