1 маусымда психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы Қостанай облысының білім беру ұйымдары (мектептер мен ТжКБ) арасында " Өмірге қолыңды соз!».

Акцияға 5-11 сынып оқушылары, колледж студенттері, педагогтар мен ата-аналар қатысады. Акция барысында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары өңірлік орталықтың қызметі туралы, психологиялық көмек пен қолдау алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Интерактивті сабақтар, психологиялық квесттер өткізіледі, онда білім алушыларды, ата-аналар мен педагогтарды аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, буллинг, өмірге оң көзқарасты қалыптастыру және демалыс уақытында қауіпсіздік техникасы бойынша ұсыныстармен таныстырады. Акцияға қатысушыларға орталықтың қызметі туралы брошюралар, парақшалар мен буклеттер ұсынылады.

Акцияның қорытынды бөлімінде әрбір білім беру ұйымы акцияны өткізу туралы бейнеролик жасайды. Үздік бейнероликтер психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының интернет-ресурстарында көрсетілетін болады.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg