ҰСЫНЫСТАР
тамыздық конференцияның білім беру педагог қызметкерлері «Психология» бөлімі

 

2020 жылдың 10 тамызы                                                                          Қостанай.қ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Психологялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығынына:

  1. жалғастыру:

- өзіне қол жұмсау мінез-құлқының алдын алу, кәмелетке толмағандардың, жыныстық тұтастық пен тұрмыстық  зорлық-зомбылық бойынша білім беру процесінің барлық қатысушыларына (психологтар, әлеуметтік педагогтар, директордың ТЖ орынбасарлары, сынып жетекшілері, кураторлар, пән мұғалімдері, полиция инспекторлары, оқушылар, ата-аналар) облыстық семинар-практикум арқылы әдістемелік оқыту қызметін;

- аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу саласындағы халықаралық және республикалық тәжірибені зерттеу бойынша жұмысын;

- өзіне қол жұмсау мінез-құлқын, тұрмыстық зорлық-зомбылықты және кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауын алдын-алу бойынша психологиялық қызметтер мен Қостанай облысының білім беру ұйымдарының психологиялық қызметі жұмысының тиімділігіне мониторинг жүргізуін;

- диалог алаңдары, соның ішінде, қашықтан және Интернет сайттары арқылы білім беру психологтарының біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты .

  1. аудио кеңес, онлайн кеңес, қашықтықтан кеңес берудің жаңа интерактивті технологияларын қолдана отырып, білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету.

Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері:

  1. білім беру ұйымдарындағы жағымды психологиялық климатты қолдау үшін Қостанай облысының білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау жөніндегі шаралар, оқушыларға жанжалсыз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі жеткілікті бағалау, өмірлік жағдайдағы қиындықтарға, өзіне қол жұмсау көңіл-күйіне, агрессивті және девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларға қажетті психологиялық-түзету және басқа көмек көрсету шаралар қабылдау;
  2. бақылауда ұстау:

- Қостанай облысында білім беру ұйымдарында  өзіне қол жұмсау мінез-құлқын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу (квартал сайын тестілеу);

- «Отбасы клубы», «Жасөспірімдер мен жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу», «Мұғалімдердің кәсіби және эмоционалдық күйзелісі», «Жазғы психологиялық қолдау алаңдары» жобаларын іске асыру.

Жалпы орта білім беру ұйымдары:

  1. қашықтан диагностика жасау, кеңес беру және түзету арқылы оқушылармен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету;
  2. «Отбасы клубы», «Жасөспірімдер мен жастар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу», «Мұғалімдердің кәсіби және эмоционалдық күйзелісі», «Жазғы психологиялық қолдау алаңдары» жобаларын іске асыруды жалғастыру.
  3. «Отбасы клубы» жобасы аясында, заманауи педагогикалық новациялар пайдалануымен ата-аналардың лекториялары оның ішінде қашықтықтағы форматта кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлқының, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру жүйесін дамыту;
  4. балалармен жасөспірімдердің тұрақты жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру арқылы балалар мен жасөспірімдердегі жағымсыз құбылыстардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі, соның ішінде әлеуметтік қауіпті топтағы жасөспірімдерді жүз пайыз жұмыспен қамту, оларды бұқаралық спорт пен еріктілер (өз еркімен) қозғалысына қатыстыруын көтеру.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg