Алтынсарин ауданының Қызылқорған орта мектебінде балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтары аясында 2-сыныптың сынып жетекшісі Н.С. Зюбинаның қатысуымен «Дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс алдында осы тақырып бойынша қажетті ақпарат жиналып, сауалнама жүргізілді. Ал кездесу барысында ата-аналарға оқушылардың дұрыс және теңдестірілген тамақтануының маңыздылығы туралы толық ақпарат берілді. Себебі балалар – өсіп келе жатқан ағза, олардың ақуызға, темірге, кальцийге, йодқа және басқа да дәрумендер мен минералдарға деген қажеттілігі өте жоғары.
Жиналыс соңында ата-аналарға дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау бойынша ұсыныстар беріліп, ақпараттық жадынамалар табысталды.