Қарасу ауданы Станционный мектебінде тәрбие жұмысы мен психологиялық қолдау орталығы аясында педагог-психолог Т.Ж.Рахметова «Сен туралы барлығын айтамын!» атты тренинг өткізді.
Тапсырмалар кезінде оқушылар түрлі түсті қарындаштармен қолдың контурын сызды, әр саусаққа қасындағы сыныптасының жақсы қасиеттерін жазып, суретті дөңгеленіп бір-біріне берді. Балалардың көңіл-күйі өте жақсы болды, олар тренингке қуана қатысып, әсерлерімен бөлісті.
Қорытындылай келе, қатысушылар өзара қарым-қатынастардағы ең маңызды қасиет — шыншылдық екенін атап өтті.