Тәрбие жұмысы аясында және үздіксіз ақпарат беру апталығы аясында Жітіқара ауданындағы Чайковский орта мектебінің педагог-психологы У.К. Жүнербаева сыныпты біріктіруге бағытталған бірнеше психологиялық жаттығулар өткізді.
Ақпараттық-түсіндірме шараларының мақсаты – оқушылардың инклюзивті мәдениетін қалыптастыру, мүгедектігі бар адамдарға толерантты көзқарас пен қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ жеке қатынастарды құру және ынтымақтастықты дамыту.
Шара барысында мүгедектігі бар адамдар мен денсаулығы шектеулі жандарға қатысты толерантты көзқарасты білдіретін бейнеролик көрсетілді. Ал әңгіме барысында оқушылар өздерінен айналада денсаулығы шектеулі адамдардың тұратынын, олардың ерекше көмек пен қолдауға мұқтаж екенін талқылады. Әңгіме қорытындысында «Біз әртүрліміз – бірақ біз теңбіз» деген ұран айтылды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg