Біздің орталықтың "Отбасы клубы" облыстық жобасы және ата – аналарды психологиялық қолдау аясында Амангелді ауданының Амантоғай орта мектебінде "Отбасы-бала тәрбиесінің қайнар көзі"тақырыбында жиналыс өтті. Іс-шараны педагог-психолог А. Ж. Есенаманова ұйымдастырды. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Т. Жамитова қатысты.
Кездесудің мақсаты: ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі тануға, құрметтеуге және еркін сөйлеуге көмектесу. Ыңғайлы психологиялық атмосфераны құру.
Ата – аналармен ата-ана тәрбиесі ересектерге жүктелген ең үлкен жауапкершілік екендігі туралы әңгіме болды. Бала үшін әлемде ата-анасынан гөрі кемелді, білімді және құрметті адам жоқ. Сондықтан ата – аналар үшін ең бастысы-балаларын сүю және тәрбиелеу, сондай-ақ олардың өзін-өзі бағалау және өзіне деген сенімділік сезімін қалыптастыру.
Кездесу нәтижелі өтті. Пікір алмасты, ата-аналарға ұсыныстар берілді.