Тәрбие жұмысыаясында және V онкүндік шеңберінде Фёдоров ауданы Пешков орта мектебінің педагог-психологы оқушылар үшін «Мейірімділік сабақтарын» өткізді. Сабақтың мақсаты – балаларда инклюзивті мәдениет қалыптастыру және мүгедектігі бар адамдарға деген толерантты қатынас қалыптастыру.
Сабақ толеранттылық тақырыбындағы әңгімемен басталды, онда оқушылар белсене сұрақтарға жауап беріп, өмірден мысалдар келтірді. Кейін сынып ұжымын біріктіру мақсатында оқушылардың қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту үшін «Құшақтасу» жаттығуы өткізілді.
Сабақтың соңында балалармен рефлексия жүргізіліп, барлығымыз әртүрліміз, бірақ бәріміз тең екеніміз туралы қорытынды жасалды. Оларға сондай-ақ Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы бойынша аймақтық оқу-әдістемелік орталығының сенім телефоны туралы ескертілді.