Қостанай қаласының №7 ЖББМ тәрбие жұмысы аясында мектептің педагог-психологы А. Б. Ақтанова және тәлімгер М. К. Қазбекова.. 1-11 сынып оқушыларымен "Балалардың психологиялық қауіпсіздігі", "Мектептердегі қауіпсіздік жүйесі", "Жол қауіпсіздігі" тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізілді. Сондай-ақ оларға брошюралар мен буклеттер таратылды.
5 сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологы мен сынып жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Бесінші сынып оқушыларын бейімдеу мәселелері қозғалды, психолог пен сынып жетекшілерінен нақты ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар мектепте "Толеранттылық: Бірге біз күштіміз" акциясы өтті. Толеранттылық-бұл айырмашылықтарды құрметтеу ғана емес, бұл бір-бірін түсіну, қабылдау және қолдау қабілеті.
Біз бәріміз ерекшеленеміз: мәдениет, сенім, сыртқы келбет, тәжірибе. Бұл әлемді жарқын және қызықты етеді! Төзімділік кішкентай қадамдардан басталады. Оларды бірге жасайық!