Біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» патриоттық және отбасылық тәрбие беру жобасы аясында Қарасу ауданының Октябрь мектебінде 2 «А» сынып оқушыларына арналған «Достық татулық белгісі» тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл тренинг оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.
Осындай іс-шара барысында балаларға достық ұғымы қалыптасады, сыйластық, сыпайылық, шынайылық және адалдық сезімдері нығаяды. Оқушылар бір-бірімен сенім, ізгі ниет және өзара көмек ахуалында әрекеттесуді үйренеді. Тренингке қатысушылар түрлі жаттығулар мен ойындар арқылы өзара әрекет жасады: «Түстерді жылдам тап», «Кім жылдам?», «Мен кіммін?», «Менің сүйікті жануарым». Сабақ соңында «Менің көңіл-күйім» ойыны өткізіліп, балалар өз эмоциялары мен көңіл күйлерімен бөлісті.
Тренинг оқушылар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтып, олардың қарым-қатынас және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етті.