Облыстық «Қазақстан – біздің үйіміз» атты патриоттық және отбасылық тәрбие беру жобасы аясында Ұзынкөл ауылы №1 мектебінде оқушыларға арналған жарқын әрі танымдық іс-шараларға толы “Психология апталығы” өтті. Барлық шаралар мектепте жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға бағытталды.
Мысалы, «Сізге не қажет, соны алыңыз» акциясы аясында оқушылар өздеріне қазіргі сәтте қажет қасиеттер мен ресурстар жазылған стикерлерді таңдап алды. Бұл мектептің психологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етті. Ал «Қуаныш сандығы» акциясында балалар арманға ерік беріп, ересектер балалық шақтағыдай күліп, қуаныш пен мейірім атмосферасын құрды. Сонымен қатар, «Менің бейнем» атты тренинг өтті, онда оқушылар өзін-өзі тануға, жеке тұлғалық қасиеттерін ұғынып, «Мен» бейнесінің оң образына қол жеткізуге бағытталған түрлі жаттығулар орындады.
Барлық іс-шаралар ұжымда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға және оқу үдерісіне қатысушылардың белсенділігін арттыруға ықпал етті. Біз «Психология апталығы» мектебіміздегі ең сүйікті дәстүрлердің біріне айналатынына сенімдіміз!