Біздің Орталықтың «Отбасы клубы» облыстық жобасы аясында және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы шеңберінде Арқалық қаласындағы Целинненский жалпы білім беретін орта мектебінде жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына «Ойынға әуестік – тәуелділікке апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға құмар ойындардың танымалдығының артуы жағдайында өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушылар кез келген баланың физикалық, интеллектуалдық немесе қаржылық жағдайына қарамастан, ойынға тәуелділіктің құрбаны болуы мүмкін екенін талқылады. Педагог-психолог тәуелділікті ерте анықтау тәсілдері, оның алдын алу әдістері және құмар ойындарға байланысты күрделі жағдайлардан шығу жолдары туралы айтып берді. Балаларға ойындардың әсерінен шыққан кезде қолдау көрсету стратегияларын талқылауға ерекше назар аударылды. Іс-шараның практикалық бөлімінде ата-аналарға ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша кеңестер жазылған ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалардың байқағыштық және зейінділік қабілеттерін дамытуға бағытталған «Жасырын затты тап» жаттығуы өткізілді.
Дөңгелек үстел соңында ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп, алынған ақпараттың маңыздылығын атап өтіп, осындай өзекті әрі пайдалы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.