Облыстық орталықтың «Отбасы клубы» жобасы және Новоильинов орта мектебіндегі тәрбие жұмысы аясында педагог-психолог ата-аналармен «Morning Coffee» форматында кездесу ұйымдастырды. Кездесудің тақырыбы: «Позитивті ата-ана болу: мәні, қағидалары және мазмұны».
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
• Балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнатудың жолдары.
• Шартсыз махаббат пен құрметтің негізгі қағидалары.
• Отбасындағы келіспеушіліктерді тиімді шешу әдістері.
Мұндай кездесулер не үшін қажет? Позитивті ата-ана болу – баланың өзіне сенімді, бақытты және жауапкершілікті тұлға болып қалыптасуына, отбасында қолдау мен түсінік сезінуіне жағдай жасайды.
Ата-аналар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, қиын жағдайларда сүйіспеншілік пен түсіністік арқылы шешім табуды үйренді. Кездесу соңында қатысушыларға «Позитивті ата-ана болуға арналған 10 қадам» жадынамасы таратылды.