«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және АПҚО жоспары аясында Меңдіқара ауданының Степанов орта мектебінде 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған қызықты әрі танымдық кеш ұйымдастырылды. Кеш «Музыкалық лото» ойыны форматында өтті.
Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтуға, жылы әрі достық атмосфера құруға керемет мүмкіндік береді.
«Музыкалық лото» ойыны интерактивті сайыс түрінде өткізілді. Әрбір қатысушыға музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар немесе ән атаулары жазылған карточка берілді. Жүргізуші музыкалық шығармалардың үзінділерін қосып отырды, ал қатысушылардың міндеті – әуенді танып, карточкадағы сәйкес терминді белгілеу болды. Карточкасын бірінші болып толтырған қатысушы жеңімпаз атанды.
«Музыкалық лото» – бұл тек көңілді ойын ғана емес, сондай-ақ, қарым-қатынас орнатуға, шығармашылыққа ықпал ететін тамаша әдіс. Бұл барлық қатысушыларға жарқын және жылы естеліктер сыйлады.