Облыстық орталықтың патриоттық және отбасылық тәрбиеге бағытталған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында Науырзым ауданының Докучаев орта мектебінде педагог-психолог Хамзина А.А. 2-сынып оқушыларына арналған «Бірге жақсылық сыйлайық» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, адамның өміріндегі мейірімділіктің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық жасауға ынталандыру.
Сабақ барысында өткізілген жаттығулар мен ойындар балалардың тиімді қарым-қатынас, командада жұмыс істеу және келіспеушіліктерді конструктивті түрде шешу қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Оқушылар бірге қиындықтарды жеңуді, ортақ шешім табуды, басқа адамдардың пікірін құрметтеуді және ұжымдық шешім қабылдауды үйренді.
Іс-шара соңында оқушылар тренингтен алған жағымды эмоцияларымен, әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті.