Облыстық жоба аясында және тәрбиелік жұмыс бағытында Алтынсарин ауданы Новоалексеев орта мектебінің педагог-психологы Абдуахит П.Г. «Балаңызға күн сайын айтуға қажетті 33 маңызды сөз» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға балаларына күн сайын айтуы тиіс маңызды сөздерді жеткізу және бұл сөздердің күнделікті өмірдегі маңыздылығын атап өту.
Бұл сөздер арқылы баланың еңбегі үшін алғыс білдіру, бірге өткізген уақыттың құндылығын ұғындыру және қолдау көрсету көрініс табады. Сөздер таныстырылғаннан кейін ата-аналар жұптарға бөлініп, әртүрлі жағдайларда осы сөздерді оқып, көрсету тапсырмасын орындады.
Тренингке барлық ата-аналар белсенді қатысып, үлкен қызығушылық танытты. Жиналыс соңында ата-аналарға маңызды сөздердің толық тізімі мен балаларға үй тапсырмасын орындауға әртүрлі жағдайларда қалай көмек көрсетуге болатындығы туралы ұсыныстар жазылған парақшалар таратылды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg