Бұл сабақ Амангелді ауданы Қарасу ауылында орналасқан Жасбуын орта мектебінің педагог-психологы Ж.И. Нұрғалидың ұйымдастыруымен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» облыстық жобасы аясында 11-сынып оқушыларына арналды.
Мақсаты: оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін-өзі бағалауын жақсарту, күйзелісті жеңуге үйрету және өмірлеріндегі маңызды кезең – Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалуға көмектесу. Сабақта дайындық қиындықтарын еңсеруге және өзіне сенімділікті арттыруға ықпал ететін жағымды психоэмоционалды атмосфера қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Тренинг соңында әр қатысушы ҰБТ-ға табыс тілектерін өлең жолдарымен жеткізді. Бұл сабақ тек емтиханға психологиялық дайындық құралы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз күштеріне деген сенімділігін нығайтып, алдағы сынақтарды сәтті еңсеруге оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.