Бүгін, 24 қаңтар күні, біздің Орталық білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысына арналған онлайн-форматта семинар өткізді. Іс-шараға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің психологиялық бағытқа жауапты әдіскерлері, Орталықтың желілік үйлестірушілері, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагог-психологтар, мектептер мен колледждердің әлеуметтік педагогтары қатысты. Жалпы қамту 270 адамды құрады.
Облыстағы психологиялық қызметтердің (ПҚ) жұмысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Бұйрығына және Қостанай облысының білім беру ұйымдарының психологиялық қызметі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Психологиялық қызмет мамандарының жүйелі жұмысына, мектеп ортасын психологиялық тұрғыдан қолайлы етуге әрдайым үлкен мән береміз. Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – біздің Орталықтың және облыстағы барлық білім беру ұйымдарының негізгі бағыттарының бірі екенін әрдайым айтып отырамын. Бұл, ең алдымен, тұлғаның дамуындағы мәселелердің алдын алуға, ауытқушылық мінез-құлықтың профилактикасына және өзекті міндеттерді шешуде көмек көрсетуге қатысты.
Семинарға қатысушылармен біз Жобалық кеңсе міндеттерін жүзеге асыру, соның ішінде Қостанай облысының пилоттық мектептеріндегі (мәселелер анықталған 10 мектеп) жұмыстар мен осы мектептерге «КодАктив» антибуллинг бағдарламасын енгізуді талқыладық. 24 қаңтардағы мәліметтер бойынша мектептерге орналастырылған QR-кодтар арқылы оқушылардан 18 өтініш келіп түскен! Бұл біздің бағдарламаның оқушылар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Семинар аясында облыстық жобаларды жүзеге асыру, өңірлік кәсіби байқауларды ұйымдастыру, оқыту семинарларын өткізу, психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі ППМАЖ «HR+»-тың жұмыс істеуі мәселелері де талқыланды.
Жалпы алғанда, семинар конструктивті түрде өтті. 2025 жылға арналған жергілікті жерлердегі психологиялық-педагогикалық қызметтің нақты мәселелері қаралды.