14 ақпан, жұма күні, біздің облысымыздағы әр мектепте және әр колледжде кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке әкелетін мінез-құлықты, буллингті және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған облыстық біртұтас ата-аналар жиналысы өтті. Ата-ана қауымдастығының жалпы қамтылуы 33 000-нан астам адамды құрады!
Мұндай ауқымды шараның мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептері, баланың осындай қадам жасағанын білдіретін алаңдаушылық белгілерін қалай түсінуге болатыны туралы білімін кеңейту, сондай-ақ буллинг пен отбасылық зорлық-зомбылық мәселелеріне алдын алу көмегін көрсету.
Ұсынылған тақырыптардың өзектілігін ескере отырып, Орталық мамандары ата-аналар жиналысына толық әдістемелік қолдау дайындады.
Қатысушылармен бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастар мәселелері және олардың шешім жолдары егжей-тегжейлі талқыланды. Мамандар тәрбие беруде қажетті ережелер мен баланың пікірін ескеру арасындағы тепе-теңдікті сақтау керектігін еске салды.
Практикалық бөлімде қатысушылар жағдайларды талдап, «Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастар» тақырыбындағы бейнероликтерді қарап, талқылады.
Қорытынды бөлімінде ата-аналарға баланың жеке тұлғасына құрметпен қарауды тәрбиелеу және оның мәселелерін түсінуді үйрену бойынша ұсыныстар берілді. Қажет болған жағдайда көмек сұрауға кеңес берілді, өйткені мамандар әрдайым қиын жағдайдан шығудың жолын табуға көмектеседі.
Жалпы біз 55 000 визитка, жадынама және отбасылық тәрбие беру, суицидалдық мінез-құлық пен отбасылық зорлық-зомбылықты алдын алу туралы ақпараттық материалдарды дайындап, оларды аймақтар бойынша тараттық.
Шара сәтті өтті, менің ойымша ата-аналар бізді тыңдап, ұсыныстарымызды қабыл алды. Мұндай жүйелі әрі мақсатты жұмыс міндетті түрде жақсы нәтижелер береді!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg