Жас педагог-психолог мектебі қатысушыларын курстан кейінгі қолдау мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті. Оған біздің жоба аясында оқу курсынан өткен 60 жас психолог қатысты❗
Іс-шара тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және білім беру саласындағы өзекті психологиялық мәселелерді талқылау алаңы болды.
Жас мамандар буллингтің теориялық негіздерін (агрессия психологиясы, буллингтің даму кезеңдері мен қатысушылардың рөлдері) және тәжірибелік құралдарын (топтық жұмыс әдістері, рөлдік ойындар мен медиация стратегиялары) ұсынды. Буллингтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Семинар-практикум аяқталғаннан кейін жас мамандар ұсынылған материалдардың тәжірибелік маңыздылығын және оларды бірден жұмыс барысында қолдану мүмкіндігін атап өтті. Сонымен қатар, олар біздің Орталықтың жас педагог-психологтарға әрі қарай да қолдау көрсетуге дайын екенін жоғары бағалады.