Біздің Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығы «Жас педагог-психолог мектебі» туралы ең үздік мақала» байқауының басталғанын хабарлайды! Байқау 6 наурыз бен 28 сәуір аралығында «Жас педагог-психолог мектебі» облыстық жобасы аясында өтеді
Байқаудың мақсаты – талантты жас психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру арқылы психологиялық қызметтің оң имиджін қалыптастыру.
Қатысушылар – 2025 жылдың ақпан айында «Жас педагог-психолог мектебі» (ЖППМ) курсын аяқтағаны туралы сертификат алған педагог-психологтар.
Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың өзектілігі, талдаудың тереңдігі, практикалық маңыздылығы, ерекше көзқарас және материалды сапалы жеткізу.
Мақалалар психологиялық көмектің өзекті мәселелеріне, психологтың жұмысындағы жаңа әдістер мен технологияларға арналуы мүмкін. Автор ЖППМ-де алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуін көрсетуі тиіс.
Үздік жұмыстар Орталығымыздың сайтында жарияланып, кең аудиторияға ұсынылады және жас маманның кәсіби беделін арттыруға мүмкіндік береді 🔎
Байқау – жас психологтар үшін өз дағдыларын көрсетуге, құнды тәжірибе жинауға және кәсіби мойындалуға тамаша мүмкіндік. Қатысыңыз және жеңіске жетіңіз!!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg