Біздің Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығы «Тиімді профилактика стратегиялары: аутодеструкция, буллинг, зорлық-зомбылық және жедел әрекет ету бағдарламасын енгізу – «КодАктив» тақырыбында оқыту вебинарын ұйымдастырып, өткізді.
Вебинарға білім бөлімдерінің әдіскерлері, Орталықтың желілік үйлестірушілері және облыстағы жалпы білім беретін және негізгі мектептердің психологиялық қызмет мамандары қатысты. Жалпы қамтылған адам саны – 1600.
Спикер ретінде мен, ең алдымен, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алудың маңыздылығын атап өтіп, психологиялық қызметтердің тиімді жұмыс формалары туралы айтып өттім.
Сонымен қатар, «КодАктив» жедел әрекет ету бағдарламасы секілді жаңа әдістемелік құралға тоқталдым.
Мен Орталық мамандарымен бірлесе өңірімізге арнайы әзірлеген авторлық бағдарламаның мәнін түсіндірдім. Қатысушыларға АППМЖ (Автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі) жүйесінде «КодАктив» бағдарламасы бойынша қалай жұмыс істеу керектігі кезең-кезеңімен түсіндірілді.
Біз 11 наурызда оқу орындарында біріңғай ақпараттық науқан өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай науқан үшінші тоқсанның басында 10 пилоттық мектепте ұйымдастырылған болатын.
Науқанның мақсаты – 1-11 сынып оқушыларына мектептерде QR-коды бар постерлер не үшін орналастырылғанын және оларды қалай пайдалану керектігін түсіндіру. Ең бастысы – оқушыларға олардың өтініштері құпия сақталатынын, ешкімнің жария етпейтінін жеткізу.

 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg