2025 жылдың 17 наурызында «Бұл әлем қандай керемет, қарашы!» мектептердің 5-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-4 курс оқушылары үшін бірыңғай облыстық сынып/кураторлық сағат өтеді.
Мақсаты: өмірлік тұрақтылықты, стресске төзімділікті, позитивті өзін-өзі тануды және проблемалық өмірлік жағдайларда сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
«Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ мамандарымен өмірге төзімділік, стресске төзімділік дағдыларын дамыту, проблемалық жағдайларды шеше білу бойынша әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар әзірленді.
Сынып /кураторлық сағат аясында 2 блок көзделеді: бейнероликтерді қараумен және талқылаумен әңгімелесу, практикалық тапсырмаларды орындау.
Мектептердің 5-11 сыныптарының және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-4 курстарының 100 000-нан астам білім алушыларын қамту жоспарлануда.

 


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg