Осындай атаумен Арқалық қаласындағы Б. Майлин атындағы №3 орта мектепте біздің Орталықтың патриоттық және отбасылық тәрбиеге бағытталған “Қазақстан – біздің ортақ үйіміз” облыстық жобасы аясында іс-шара өтті.
Кездесудің басты мақсаты – 8-11 сынып оқушы қыздарының бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды нығайту және олардың қоғамдағы рөлін терең түсінуіне ықпал ету.
Кездесуге Арқалық қалалық аналар кеңесінің төрайымы Б.А. Калтаева және аналар кеңесінің мүшесі З.Б. Байгинжина құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Сынып жетекшісі Бахыт Маликовна «Қыздардың әдеттері» тақырыбында баяндама жасап, онда тәрбиенің маңыздылығы, мінез-құлық қалыптастыру және өзін-өзі тәртіпке келтіру мәселелерін қозғады. Ал қонақтар қазіргі жастар тәрбиесі жөнінде ойларымен бөлісіп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарға негізделген өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында оқушыларға Зейнеп Ахметованың «Кәусар бұлақ» кітабын оқуға кеңес берілді. Бұл кітап қазақ халқының терең дәстүрлері мен құндылықтарын ашып көрсетеді.
Кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырып, олардың қоғамдағы өз рөлін саналы түрде түсінуіне маңызды қадам болды.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg