Ұзынкөл ауданы Ершов жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасыл клубтың»«Көк тал отырғыз» экологиялық науқаны өтті. Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында ұйымдастырылды.
Науқанның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, балалар мен ата-аналарды көгалдандыруға тарту, оқушылардың еңбек дағдыларын дамыту және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Іс-шараға қатысушылар орман шаруашылығы өкілдерімен бірге қайың ағаштарын отырғызып, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салды.
Сонымен қатар, оқушылар үшін табиғат туралы танымдық әңгімелер, зерттеу және дидактикалық ойындар ұйымдастырылып, экология мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған шаралар өткізілді.
«Көк тал отырғыз» экологиялық науқаны – бұл тек көшет отырғызу ғана емес, сонымен бірге болашаққа жасалған маңызды қадам. Өзі отырғызған ағашты балалар өмір бойы есінде сақтайды, ал отырғызылған қайыңдар табиғатқа деген қамқорлықтың тірі символына айналады.
Біз жас көшеттердің тамыр жайып, жақын арада жайқалып өсетініне сенеміз. Бұл игі дәстүрді сақтау және оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – бәріміздің ортақ міндетіміз!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg