Амангелді ауданы Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде тәрбие жұмысы және облыстық «Отбасылық клуб» жобасы аясында педагог-психолог Анасова А.М. ұйымдастырумен «Дәстүрді дәріптейік» іс-шарасы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың ұлттық дәстүрлерін жаңғырту және кеңінен насихаттау, жастарды мәдени мұрамен таныстыра отырып, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара киіз үйде өтті. Оқушылар ұршықпен жүн иіру, тоқыма тоқу, қолөнер бұйымдарын жасау секілді ұлттық қолөнер түрлерімен танысты.Қонақтар қазақ халқының бай мұрасымен жақын танысып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шеберлік сырларына қанықты❗
Іс-шара соңында белсенді қатысқан ата-аналар мен оқушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды. «Дәстүрді дәріптейік» ұлттық дәстүрлерді жаңғыртудың, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулудың жарқын үлгісіне айналды.
Ұлттық қолөнер мен салт-дәстүрлерді үйрену жас ұрпақтың мәдени мұраға деген құрметін қалыптастырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін, төзімділігін және ұқыптылығын дамытады. Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ғасырлар бойы сақталған құндылықтарды кейінгі буынға жеткізуге септігін тигізеді.
Осындай бастамалар ұлттық дәстүрлерді сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге, мәдени мұраны қастерлеуге және халық шығармашылығына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді!