Біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» облыстық жобасы және мектептің Психологиялық қызметі аясында Жітіқара ауданының білім беру ұйымдарында «Бұл әлем қандай тамаша !» тақырыбында бірыңғай облыстық сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың өміршеңдігін, күйзеліске төзімділігін, позитивті өзіндік санасын дамыту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларда конструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Сынып сағаты екі тақырыптық бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде оқушылармен психологиялық тұрақтылық пен әлемді позитивті қабылдау мәселелерін талқылауға арналған әңгімелер жүргізілді.
Практикалық бөлімде өмірлік жағдайларды талдау, тренингтер және алынған ақпаратты терең түсінуге ықпал ететін бейнематериалдар көрсету ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, балаларға өздеріне деген сенімділікті қалыптастырып, өмірдің қиындықтарын еңсеруге үйретеді.