Амангелді ауданы Ә. Боранбаев атындағы мектепте педагог-психолог Ш.Ф. Магзумова ата-аналарға арналған «Жақсы бала – ата-ана қуанышы» атты тренинг өткізді. Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Жанұя» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін талқылау, ата-аналарға балаларын тереңірек түсінуге көмектесу, олармен ортақ тіл табысу дағдыларын дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша пікір алмасу.
Тренинг барысында ата-аналар «Сәлемдесу», «Жақсы қасиеттер», «Жер сілкінісі» жаттығуларына қатысып, «Сөйлемді аяқта» және «Өтінемін!» тапсырмаларын орындады. Бұл жаттығулар арқылы олар тәрбиенің маңызды тұстарын талқылап, балаға деген қарым-қатынасқа басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.