Федоров ауданы Успенов орта мектебінде тәрбие жұмысы және орталығымыздың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында педагог-психолог ата-аналарға арналған «Балаңыз сізді тыңдау үшін қалай сөйлесу керек?» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің басты мақсаты – ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу, белсенді тыңдау дағдыларын дамыту және эмоцияларды конструктивті түрде білдіруді үйрету.
Шара барысында балалармен қарым-қатынаста жиі жіберілетін қателіктер туралы қысқаша дәріс оқылып, конструктивті қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар мен өмірлік жағдайлар талқыланды. «Бала көзімен жанжал» атты рөлдік ойында ата-аналар жағдайды баланың көзімен көріп, өз сөздері мен әрекеттерінің балаға қалай әсер ететінін түсінді.
Ата-аналар тренингтен пайдалы ақпарат пен тәжірибелік кеңестер алғандарын айтып, алдағы уақытта да осындай кездесулерге қатысуға ниет білдірді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg