Арқалық қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектепте «Оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық, зорлық-зомбылық пен буллингтің себептері және олардың алдын алу жолдары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Барша ата-аналар үшін балаларының өмірінде не болып жатқанын біліп отыру жеткіліксіз, сонымен қатар белгілі бір психологиялық білімге ие болу қаншалықты маңызды екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Бүгінгі таңда мұндай біліммен мектеп психологтары белсенді түрде бөлісуде.
Осы жиналыс барысында да педагог-психологтар ата-аналармен жасөспірімдер арасындағы аутодеструкивті мінез-құлық пен буллинг мәселелерін талқылады. Негізгі назар бұл құбылыстардың себептеріне және олардың алдын алу әдістеріне аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша ата-аналар балаларды тәрбиелеуге байланысты пайдалы кеңестер алып, баланың қиын жағдайға тап болғанын қалай анықтауға болатынын және оған қалай көмектесу керектігін білді.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg