Жітіқара ауданына қарасты Пригород жалпы білім беретін мектебінде мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған «Мен және менің қауіпсіздігім» атты тренинг барлық оқушыларға өткізілді.
Айта кетейік, бұл тақырыптағы тренингтік сабақтарды біздің Орталықтың мамандары балаларға өмірлік маңызы бар қауіпсіздік дағдыларын үйрету мақсатында арнайы әзірлеген.
‼️ Ересектердің міндеті – балаларды әртүрлі қиын, кейде тіпті қауіпті жағдайлармен кездесуге дайындау. Мұндай жағдайлар кез келген жерде: үйде, көшеде, көлікте және басқа жерлерде орын алуы мүмкін. Сондықтан балаларды кішкентайынан мұндай жағдайларда саналы әрекет етуге, сондай-ақ көмекке қайда және қалай жүгіну керектігін үйрету қажет. Бұл білім – баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg