Өткен іс-шараның мақсаттары өте өзекті болды: оқушылар арасында жайлы және қолдау көрсететін атмосфера құру, ҰБТ алдындағы мазасыздықты азайту, өз күшіне деген сенімді қалыптастыру.
Түлектерге бірнеше жаттығу ұсынылды. Мысалы, «Түс, пішін, жеміс» – топта сенімді және еркін атмосфера орнатуға бағытталды. «Менің үміттерім мен қорқыныштарым» – бұл жаттығу оқушылардың өз алаңдаушылықтарын түсінуіне және олармен жұмыс жасауына көмектесті. «Табыстың рюкзагы: ҰБТ-ға дайындық» – бұл тапсырма оқушыларға өздерінің жеке дайындық стратегияларын анықтауға септігін тигізді.
Барлық жаттығулар өте маңызды және қажетті болды! Олар оқушылардың уайымын жеңілдетіп, өз күшіне деген сенімді арттырды.
Оқушылар белсенді қатысты, өздерін мазалаған сұрақтарды талқылады, қатарластарынан қолдау алды.
Өткен жаттығу оқушыларға ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін оң көзқарас қалыптастыруға көмектесті!
Құрметті түлектер, әрдайым өз күштеріңізге сеніңіздер және қандай жағдай болмасын сабырларыңызды сақтаңыздар!


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg