Арқалық қаласындағы Б. Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектепте 6 «А» сынып оқушыларына өте маңызды сабақ өткізілді. «Біз барлығымыз біргеміз, бізде дискриминация жоқ» атты тренинг мектептің психологиялық қызметі мен біздің Орталықтың «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу және бір-біріне құрметпен қарау сияқты қасиеттерді дамыту.
Қазіргі таңда бұл тақырыпта балалармен және жасөспірімдермен сөйлесу өте маңызды. Себебі буллинг – бұл барлық тараптарға зиян келтіретін зұлымдық.
Б. Майлин атындағы №3 мектепте педагог-психолог оқушыларға буллингтің салдары туралы айтып қана қоймай, арнайы тренинг те өткізді.
Әсіресе «Қиын кезде мен…» деп басталатын сөйлемді жалғастыру жаттығуы ерекше қызықты болды. Сонымен қатар, оқушыларға осы тақырыпқа арналған бейнероликтер көрсетіліп, олар кейін өздері бұл видеоларды талдап шықты.


1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg