Әулиекөл ауданына қарасты Тимофеев мектебінде балалардың ең ұнататын іс-шараларының бірі өтті – олар жүректерінде не бар, соны еркін түрде қағаз бетіне түсірді.
Бұл арт-терапия сабағы мектептің психологиялық қызметі және облыстық «Қазақстан – ортақ үйіміз» жобасының аясында ұйымдастырылды.
Сурет терапиясы – адамның ішкі жан дүниесін, сезімдері мен ойларын сөзбен емес, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндік беретін арт-терапияның бір түрі. Бұл әдіс балаларға өз эмоцияларын ашық білдіруге, көңіл-күйін түсінуге көмектеседі.
Сабақ барысында оқушылар өз ішкі жан дүниесімен жұмыс істеп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз-өзіне сенімді бола түсті. Ең бастысы – олар бұл сәттен шынайы ләззат алды!