Арқалық қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектепте «Отбасында балаға зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында ата-аналарға арналған кездесу өтті. Бұл маңызды іс-шара ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және Орталығымыздың «Отбасылық клуб» атты облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – ата-аналарды отбасылық тәрбие беру мәселелері бойынша ақпараттандыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Қатысушыларға өз эмоциялық жағдайын басқаруға және айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатуға көмектесетін арнайы жаттығулар мен әдістемелер ұсынылды.
Ата-аналар мұндай тренингтердің жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс екенін атап өтті, өйткені олар жеке тұлғалық дамуға мүмкіндік береді және әр отбасы үшін пайдалы. Себебі жүрек жылуы – бұл тек балаңызбен үйлесімділік қана емес, өзіңізбен де үйлесімді өмір сүру!