Облысымыздағы білім беру ұйымдарында ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету айтарлықтай белсенді бола бастады. Көптеген іс-шаралар соның ішінде біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында өтуде.
Солардың бірі жуырда Сарыкөл ауданының Соналы жалпы білім беретін мектебінде өткізілді. Мектептің психологиялық қызметі ата-аналарға арналған «Аутодеструктивті мінез-құлық» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Тренинг аясында «Бақыт туралы хат» атты психологиялық жаттығу өткізілді. Қатысушыларды екі топқа бөлді: «Балалар» және «Ата-аналар». Әр топ бір-біріне хат жазып, балалар үшін не нәрсе бақыт екенін және ата-аналар үшін не маңызды екенін жеткізуге тырысты.
Сондай-ақ ерекше әсер қалдырған жаттығулардың бірі – «гүлді толтыру» болды. Гүлдің ортасына ата-аналар баласын қалай еркелетіп атайтынын жазды, ал күлте жапырақшаларына – баласының сүйікті істері мен жеке қасиеттерін жазды. Әр ана үшін өз гүлі, дәл сол сияқты, өз баласы – ең кереметі екені сөзсіз!
Осындай жылы, тіпті жүрекке жететін тапсырмалар ата-аналарға отбасылық қатынастардағы қалыптасқан шеңберден шығып, өзіне және баласына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.