Осындай атаумен Ұзынкөл ауданы Ершов жалпы орта мектебінде 7-8 сынып оқушыларының ата-аналары үшін біздің Орталықтың «Отбасылық клуб» облыстық жобасы аясында жиналыс өтті.
Бұл тақырып жасөспірімдер жасы үшін өте өзекті болғандықтан, ата-аналарға қызықты болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қатысушыларға әртүрлі тәсілдер мен жұмыс түрлері арқылы пайдалы ақпарат ұсынды.
Жиналыс қорытындысы бойынша жасалған ең басты тұжырым – ата-аналар баламен сөйлесуде сенімді болулары керек, оларды белсенді және сенімді диалогқа тартуы тиіс.
Бұл – өте дұрыс! Балалар ата-анасына сенуі керек, тек сол жағдайда ғана олар барлығын – ұсақ-түйек оқиғалардан бастап, ішкі сезім-толғаныстарына дейін – ашық айта алады. Өкінішке қарай, мұндай ішкі күйзелістер кейде қайғылы жағдайларға да әкеп соғуы мүмкін.
Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың эмоциялық жай-күйіне аса көңіл бөліңіздер!